Тоқаев: Қазақ тіліне реформа керек

Ақорда
Ол бұл арада қазақ тілін реформалау жайы қозғалып жатқанын, сондықтан мұндай маңызды мәселеде жеңіл-желпілікке жол берілмеу керектігін баса айтты.

Алдында ұсынылған нұсқалар шикі болғандықтан латын әліпбиін енгізудің барлық аспектілерін одан әрі талдау қажет, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Жаңа әліпбиді енгізудің барлық қырларын талдау қажет. Ұсынылған үш нұсқа шикі болды. Бұл мәселеге ғылыми көзқарас қажет. Бұл жай кирилл алфавитін латын әліпбиіне көшіре салу деген емес. Бізге қазақ тілін реформалау қажет, егер қаласаңыз, тілімізді жаңғырту керек. Біз белді ғалымдардан пікір күтеміз, - деді Тоқаев.

Ол бұл арада қазақ тілін реформалау жайы қозғалып жатқанын, сондықтан мұндай маңызды мәселеде жеңіл-желпілікке жол берілмеу керектігін баса айтты.

- Қазақ тілін реформалап жатқандығымды тағы қайталап айтамын. Ұлт тағдыры үшін мұндай шешуші мәселеде атүстілікке, тисе терекке, тимесе бұтаққа деген секілді үстірттікке мүлде жол берілмейді, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды