Қазақстанда 25 судьяны жұмыстан босату ұсынылды

pxhere.com
Сонымен қатар, судьялардың Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі сапасы жөніндегі комиссияның және Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот алқасының шешімдеріне қатысты 11 шағымы қаралды.

2019 жылдың 20 желтоқсанында Жоғарғы Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің аппаратына сілтеме жасап.

Отырыста Кеңес бос сот лауазымдарына жарияланған конкурстың қорытындысын шығарды, оның ішінде 46 сот лауазымына тағайындауға ұсынылған кандидаттар ұсынылды.

Сондай-ақ Кеңес түрлі себептер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының 25 төрағасы мен судьяларын қызметінен босату туралы ұсыныстар берді.

Сонымен қатар, судьялардың Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі сапасы жөніндегі комиссияның және Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот алқасының шешімдеріне қатысты 11 шағымы қаралды. Қарау нәтижелері бойынша бір судьяның шағымы дәлелді деп танылды және 10 судьяға қатысты жоғарыда аталған органдардың шешімдері өз күшінде қалды.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот кеңесі 26 жергілікті соттағы судьялардың санын өзгертуге, сондай-ақ зейнет жасына жеткен екі судьяның өкілеттік мерзімін ұзартуға келісті.

Отырыста сондай-ақ Жоғарғы Сот Кеңесінің қызметін ұйымдастыру, оның ішінде Кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды