Жамбыл облысында әскери билет сатқан майор сотталды

zakon.kz
Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы алаяқтық үшін сотталды.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шекті жасына жетуіне байланысты әскери билет пен әскери есепте болу туралы анықтама беруге көмектескені үшін азаматтың қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденгені үшін күдікті деп танылған Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, майор К.Д.Мингбаевқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімімен К.Д. Мингбаев алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 350 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан, сонымен қатар, майор әскери атағынан айыру жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды