Шымкентте Мемлекеттік кірістер басқармасының маманы алаяқтық үшін сотталды

autofusion.ru
Ол ЖШС-ті банкрот деп тануға жәрдем көрсетемін деген сылтауымен ЖШС басшысының 5 млн теңге тұратын "Тойота Лэнд Крузер 100" автокөлігін иемденіп алған.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы жетекші маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша МКБ жетекші маманы Ш.Пернеевке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол ЖШС-нің басшысына тиесілі құны 5 млн теңге тұратын "Тойота Лэнд Крузер 100" маркалы автокөлігін алдау арқылы ЖШС-ін банкрот деп тануға жәрдем көрсетемін деген сылтауымен иемденіп алған.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 23 желтоқсандағы үкімімен Ш.Пернеев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыруымен қатар 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды