"Даму" Қоры алаяқтар жайлы ескертеді

Даму
Осыған орай, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мұндай келісім-шарттарға қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ қауіпсіздік қызметі Қордың атын жамылған алаяқтардан сақ болуды ескертеді. Мемлекеттен субсидия және кепілдік алған Қор клиенттеріне әлдебір азаматтар телефон соғып, өздерін "Даму" Қорының қызметкерімін деп таныстырып, биржадан акция, облигациялар сатып алуға ұсыныс жасайтыны анықталды.

Осыған орай, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мұндай келісім-шарттарға қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыздар.

Осындай ұсыныс жасап, Қор қызметкерлерінің атынан қоңырау түскен жағдайда төмендегі құпия байланыс құралдары арқылы дереу хабарласуды сұраймыз.
• пошта: senim@fund.kz;
• сенім телефоны: +7(727) 244 82 71;
• Call-орталық 1408 (тегін қоңырау).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды