Сары-Шаған жол дистанциясы филиалы директоры 16 млн теңге "жеген"

zakon.kz
ҚТЖ Сары-Шаған жол дистанциясы филиалының директоры аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін сотталды.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін "Жамбыл магистральды желісінің бөлімі" – "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалының Сары-Шаған жол дистанциясы (ПЧ-48) директоры Т.С.Қыдырбаевқа қатысты тергеу жүргізген, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол жанар-жағармай материалдары мен бағыттама бұрысының металл бөлшектерін негізсіз есептен шығару арқылы аса ірі көлемде – жалпы сомасы 16 миллион 78 мың теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді.

Тергеу барысында келтірілген шығын толығымен өтелді.

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Қарағанды облысы Приозерск қалалық сотының үкімімен Т.С.Қыдырбаев кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан және 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды