АҚШ Конгресі Дональд Трамптың Иранға қатысты әскери өкілеттігін шектемек

vesti.ru
Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси қазір осыған байланысты резолюция дайындалып жатқанын мәлімдеді.

АҚШ Конгресі Дональд Трамптың Иранға қатысты әскери өкілеттігін шектемек, хабарлайды "Хабар 24".

Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси қазір осыған байланысты резолюция дайындалып жатқанын мәлімдеді. Капитолийдегілер президент әкімшілігінің генерал Сулейманидің көзін жою операциясын ешбір кеңессіз ұйымдастырғанына алаңдаушылық білдіріп отырған көрінеді.

Пелосидің сөзінше, Сулейманидің өлімінен Америка әскері мен дипломаттарына қауіп төнді. Бұған қоса, ол Иранмен арадағы шиеленісті де айтарлықтай ушықтыра түсуі мүмкін.

Айта кетелік, алдында Пентагон Трамптың Сулейманиді өлтіру туралы әскери басшылықпен кеңеспегенін айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды