Түркіменстанда баланы балабақшаға парасыз орналастыру мүмкін емес

azathabar.com (RFE/RL)
Қалалық балабақшаға 1000-2000 манат (285-570 доллар) беру керек.

Түркіменстанның Мары облысының тұрғындары балаларын балабақшаға орналастыру үшін пара беруге мәжбүр екенін айтады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Олардың айтуынша, парасыз баланы балабақшаға кіргізу мүмкін емес.

"Ақша бермесең, жылдап кезек күтіп тұрасың. Кейбір ата-аналар балаға туу туралы куәлік ала салысымен кезекке тұрады. Бірақ 4-5 жылда да кезек келмей қалады. Мысалы, аудандық балабақшаға кіргізу үшін 400-1000 манат (114-285 доллар), қалалық балабақшаға 1000-2000 манат (285-570 доллар) беру керек", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

ЮНИСЕФ ұйымының баяндамасына сәйкес, Түркіменстанда балалардың жартысынан азы ғана балабақшаға барады.

"The Risk Advisory Group" ұйымының былтыр сәуірде жариялаған рейтингісінде Түркіменстан жемқорлық жайлаған елдердің ішінде бірінші орында болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды