Атырауда батарейка жұтып қойған 11 айлық бала бақилық болды

azh.kz
28 желтоқсанда балаға ауа жетпей, жүрегі тоқтаған.

Облыстық балалар ауруханасында 11 айлық ұл бала батарейка жұтып қойып, қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға желтоқсан айының соңында болған, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды.

Аурухана сәбидің өлімін растап отыр.

- Баланың ішіндегі батарейканы рентген арқылы көрдік. Ауруханада балаға толық наркоз беріліп, эндоскопия процедурасын жасап, қауіпті затты шығарып алмақ болған. Осы кезде сәбидің жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер затты ала алмаған. Сол бойда жасалған ота да көмектеспеді. 28 желтоқсанда балаға ауа жетпей, жүрегі тоқтаған, - деп хабарлады "АЖ" тілшісіне Атырау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды