Алматы зообағындағы кішкентай теңбілшерге үлкен трагедияға назар бұратын есім берілді

Facebook
Ол Австралия деген есімді иеленді. Айта кетсек, Австралияда орман жаппай өртеніп жатыр, алдын ала дерек бойынша, тілсіз жаудың салдарынан 1 миллиардтан астам хайуанат қырылып қалған.

Алматы хайуанаттар бағында жақында дүниеге келген теңбілшерге есім берілді, деп хабарлайды zakon.kz Facebook-тегі хайуанаттар бағының парақшасына сілтеме жасап.

"Кішкентай ягуарымызға жаңа есім таңдадық! Құттықтау жолдап, өз пікірін білдірген Құрал Лесбековтың @rominalamour ұсынысы бойынша біз кішкентай ягауарды Австралия деп атайтын болдық. Алыстағы құрылықта соңғы күндері орын алған қиын жағдайға байланысты, біз бұл ұсынысты көпшіліктің ойын ескере отырып, қабыл алдық. Австралия есімді кішкентай жануар - қорашаған табиғатымызды қорғау баршамыз үшін қаншалықты маңызды екенін еске салып тұратын болады" делінген жазбада.

Айта кетсек, Австралияда орман жаппай өртеніп, 1 миллиардтан астам жануар қырылып қалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды