Қазақстанда денсаулық сақтау кодексі жаңадан қабылданады

Хабар 24
Жаңа кодекске, әсіресе медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге арналған баптар енгізілген.

Осы жылдың соңына дейін елімізде жаңадан денсаулық сақтау кодексі қабылданады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазір заң жобасын Парламент Мәжілісіндегі жұмыс тобы талқылап жатыр. Жаңа кодекс қабылданса, денсаулық саласында бірқатар оңды өзгеріс болады. Әсіресе медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге арналған баптар енгізіледі.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Өскемендегі "Ана мен бала" орталығы ұжымымен кездескенде, осы кодекс туралы айтып берді. Әлеуметтік саланы әлдендіруге байланысты жоғарғы заң шығару органының атқарып жатқан жұмысына тоқталды. Әсіресе биылдан бастап күшіне енген міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруға қатысты сауалдарға да жауап берді. Ауылды жерлердегі емханалардың материалдық базасын нығайтып, дәрігер мамандарды дайындаудағы ерекшеліктерге тоқталды.

Жанат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Мұның барлығы дәрігерлердің істеп жатқан жұмыстары сапалы болу үшін. Және білім алған кезде академиялық бостандық беріледі. Соған байланысты практика көбірек болу керек. Дәрігерлерге клиникалық тәжірибе қажет. Сол мәселені қарастырып жатырмыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды