Қазақстанда сібір жарасы тарады деген ақпарат жалған – ҚР АШМ

kursiv.kz
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жүргізген зертханалық тексерулерінің нәтижесінде "сібір жарасының" қоздырғышы табылған жоқ.

Ақмола облысы тұрғыны "сібір жарасын" жұқтырды және қауіпті ауру таралды деп қоғамда резонас тудырып, халық арасына үрей әкелген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ақмола облыстық департаментінің мәліметіне сәйкес, Ж. Есімді облыс тұрғыны "сібір жарасын" жұқтырды деген күдік расталған жоқ. Дәрігерлер азаматқа "жоғарғы қабат тілмесі, орташа ауырлықтағы эритематозды-буллез" деген диагнозын қойды.

Сонымен қатар, 2019 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері эпизоотияға қарсы іс-шараларын уақытылы жүргізген. 2019 жылы 35,4 млн вакцина бөлініп, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарлары сібір жарасына қарсы 100%-ы егілді.

Ағымдағы жылы тиісті вакцинаның 36,4 млн дозасын сатып алу жоспарланған.

Ақмола облысындағы аталмыш факт бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жүргізген зертханалық тексерулерінің нәтижесінде "сібір жарасының" қоздырғышы табылған жоқ. Осылайша, әлеуметтік желілерде дүрбелең тудырған ақпарат шындыққа жанаспайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі - жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды