Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы сыбыс шықты

pavlodarnews.kz
Қазір әкімнің жұмыс орны мен тұрғылықты үйіне тінту жүргізіліп жатыр.

ҚР ҰҚК қызметкерлері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты ұстағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz @yyedilov Telegram-дағы Contact @yyedilov арнасына сілтеме жасап.

Оның көмекшісі мен облыс әкімі орынбасарларының бірі де ұсталды.

Қазіргі уақытта одан Павлодар облысындағы ҰҚК-де сұрақ-жауап алынып жатыр.

Zakon.kz-нің ақпарат көзі "әкімді қолына кісен салып, алып кетті" деген мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін айтады. Әзірге оны жауап алу үшін ғана шақырған.

Бақауовтың үстінен Павлодар облысының жоғары лауазымды тұлғаларының бірі арызданғанға ұқсайды.

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айынан бері Павлодар облысының әкімі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол 2014-2016 жылдары Павлодар қаласының әкімі болған. Сондай-ақ бір кездері ол Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Качир ауданын да басқарған.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат расталмады

Тағы да: Павлодар облысының әкімі Instagram-да жазба жариялады

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды