Алматы мемлекеттік кірістер басқармасында парақорлар ұсталды

zakon.kz
Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бірқатар қызметкерлері сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының "Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы" бөлімінің басшысына және осы бөлімнің бас маманына қатысты жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар жеке кәсіпкердің (ЖК) шотының бұғаттауын алу мен әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жеке кәсіпкерлердің өкілдерінен 30-40 мың теңге көлемінде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алғаны үшін күдікті деп танылды
Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды