Тоқаев "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады

Ақорда
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Президентке "Үкімет бизнес үшін", "Бастау", "Жас кәсіпкер" жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы да айтты.

Президент "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, отандық кәсіпкерліктің проблемалары, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржы айналымының қажеттілігі, экономиканың өзге де секторларына қаражаттың қолжетімділігі жайында баяндалды.

Импортты алмастыру, мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Президент қолда бар ресурстардың бәрін іскерлік белсенділікті ынталандыруға және өндірісті дамытуға бағыттау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу кезінде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жұмысының тиімділігі сөз болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы жаппай кәсіпкерлік пен адами капиталды дамытуға негізделген "Үкімет бизнес үшін", "Бастау", "Жас кәсіпкер" жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы да айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды