Қазақстанда Абай есімді 18 мыңнан астам адам жүр

wikipedia.org
Шығыс Қазақстан облысында Абай атты 378 азамат тұрады.

ҚР ӘМ АХАТ басқармасының мәліметінше, 18 232 қазақстандықтың есімі ақын, ағартушы және философ, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай құрметіне қойылған. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал, ұлы ақынның отаны - Шығыс Қазақстан облысында Абай атты 378 азамат тұрады.

Бүгінде ең үлкен Абай 92 жаста болса, ең кішісі небары 2 күн бұрын туған. Кішкентай Абай 2020 жылғы 20 қаңтарда Сарыағаш қаласында дүниеге келді.

Соңғы 10 жыл ішінде (2009-2020 жж.) ата-аналар балаларына Абай есімін 2470 рет таңдаған. Ең көбі Түркістан облысында (415), Алматы (321) және Нұр-Сұлтан (273) қалаларында тұрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды