Сарқан ауданында қыз алып қашқан жігіттер 7 жылға түрмеге кетті

sntat.ru
Оқиға 2019 жылдың мамыр айында болған.

Достарына қалыңдық алып қашамыз деп бастары дауға қалған төрт ауылдасқа қатысты сот шешімі шығып, олардың ұзақ мерзімге бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды zakon.kz облыстың Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 2019 жылдың мамыр айында болған. Сарқан ауданының 22 жастағы тұрғыны үйлену мақсатында өзінің ескі танысын алып қашуды жоспарлаған. Алып қашу операциясына ауылдас достарын шақырған. Барлығы қалыңдықтың келісімімен іске асатынына сенімді достары жаңа шаңырақтың құрылуына бірауыздан келіседі.

Дегенмен, Сарқан қаласынан қалыңдықты алып қашу барысында қыз бен үйленуші жігіттің арасында ешқандай сөз байласудың жоқ екені белгілі болады. Шаңырақ көтеруге асыққан достарының қалыңдығын жеткізіп беріп, достары өз үйлеріне кетеді. Еркінен тыс әкелген қалыңдықты жергілікті учаскелік полиция инспекторы құтқарып, үйіне аман-есен жеткізген.

"Сарқан ауданының полициясына еркінен тыс адам ұрлау дерегі бойынша хабар түсті. Айтқан уәждерін тыңдамаған жігіттердің жібермейтінін түсінген қалыңдық амалын тауып, ішкі істер органдарына хабар береді. Зардап шегуші тарапынан полицияға арыз түсті. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 125-бабына сәйкес іс қозғалып, қылмыстың мән-жайы анықталды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жақында Сарқан ауданының соты сүйіктісін алып қашқан әрекеті сәтсіз шыққан 22 жастағы тұрғын мен оның заңсыз әрекетіне қолдау берген үш досы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды