Шымкентте Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды

zakon.kz
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді.

Шымкент қаласыың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы" ММ басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол "Hyundai Wacortec Life" ЖШС өкілінен үй-жайды жалға беру бойынша заңсыз әрекеттері үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық істі сотқа жолдау жоспарлануда.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды