Түркімен билігі дәрігерлерге жұмыста телефон ұстауға тыйым салды

1.bp.blogspot.com
Білім және медицина саласындағы қызметкерлеріне телефон ұстауға тыйым салу интернет пен ақпаратқа шектеуді күшейту аясында жүріп жатыр.

Азаттық радиосы түркімен қызметінің Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, дәрігерлерге бұдан былай жұмыста телефон ұстауға тыйым салған, деп жазады centralasian.org.

Телефонды үйіне қалдырып кетуі тиіс немесе бас дәрігерге өткізуі керек екен.

Осыған дейін оқу орындарында ұялы телефон қолдануға тыйым салынғаны жөнінде айтылған. Алдымен Ашғабад, кейін Балкан, Лебап және Дашогуз уәлаятындағы мектептерге тыйым салынған. Ата-аналар жиналысында телефон ұстау бала тәрбиесіне кері әсерін тигізеді деп түсіндірген. ​

Жалпы білім және медицина саласындағы қызметкерлеріне телефон ұстауға тыйым салу интернет пен ақпаратқа шектеуді күшейту аясында жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды