Алтай Көлгінов елорданы қар басып жатқанда неге шетелге кетіп қалғанын түсіндірді

Хабар 24
Ол ресми делегация құрамында болып, инвесторлармен келіссөз жүргізген.

"Хабар 24" телеарнасына берген сұқбатында Алтай Көлгінов жан-жақты қар басып, елордалықтар қиындыққа тап келіп жатқанда неге шетелге кетіп қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бұл - мемлекет мүддесіндегі іссапар. Бізде "Абу-Даби Плазаның" барын білесіздер, оның салынып жатқанына 10 жылдан астам уақыт болды, бірақ ол әлі аяқталмады. Біз шейхтермен кездестік, сол құрылысты биыл аяқтау туралы мәселе көтердік. Олар келісті. (...) Екіншіден, бізге инвестиция тарту керек. Қар еріп кетеді, ал инвестицияны кім тартады? Сондықтан осы туралы ойлануымыз керек. Егер әкім болса, бәрі жұмыс істейді, ал ол болмаса, бәрі тоқтап қалады деп ойлайсыздар ма? Бәрі рет-ретімен болуы керек. Коммунальдық қызметтер жақсы жұмыс жасады. Мен кеткен бір күнде ештеңе бүлінген жоқ. Кеше түнде сапардан оралдым да қар мәселесіне қайта кірісіп кеттік. Барлық жағдай бақылауда, - деді ол.

Алдында қолайсыз ауа-райы кезінде елорда әкімінің ресми делегация құрамымен Біріккен Араб Әмірліктерінекетіп қалуы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды