"Дипломмен ауылға" жобасына мемлекеттік қызметкерлер де тартылады

24.kz
Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде жергілікті атқарушы органдарда кадр тапшылығы байқалуда.

"Дипломмен ауылға" жобасына мемлекеттік қызметкерлерді тарту ұсынылды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде мемлекеттік қызмет бойынша түзетулерді таныстырған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Дипломмен ауылға" жобасына мемлекеттік қызметкерлерді де тарту ұсынылады. Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде жергілікті атқарушы органдарда кадр тапшылығы байқалуда, - деді Дауешов.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет мәселелеріне бұл түзету ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметке білікті кадрларды тарту мақсатында енгізілген.

"Бұл бастама Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен мақұлданды", - деп түсіндірді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды