Исламхан БАӘ-нің "Аль-Айн" клубымен келісімшарт жасасты

ҚФО
Ол ресейлік "Зенитке" қажет болмай қалды.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның агенті Марат Арчегов футболшының "Аль-Айн" клубымен жасасқан келісімшарты туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

– Келісімшарт 5 айға жасалды, егер Бауыржанға клуб ұнап жатса, келісімшарт мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар. "Аль-Айн" екі айдан бері Исламханды аттай қалап, ұсыныс жасап келген. Араб клубы жоғары жалақы ұсынады, оның үстіне Исламханды "Аль-Айн" бас бапкері де командадан көргісі келеді. Өйткені ол клуб Азиялық Чемпиондар лигасына жолдама алған, – деді Бауыржан Исламханның өкілі.


"Аль-Айн" БАӘ елінің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы бұл команда клубтық әлем чемпионатының финалында ойнап, мадридтік "Реалға" 1:4 есебімен жол берген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды