Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы жаңадан тағайындалды

polisia.kz
Бұл лауазымды қызметке полиция генерал майоры Жанарбек Бақтыбаев тағайындалды.

Маңғыстау облысы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды,-деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ға сілтеме жасап.

"ҚР Президент әкімшілігі мен Маңғыстау облысы әкімінің келісімі бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлы тағайындалды" делінген хабарламада.

Полиция полковнигі Таймерденов Қанат Даниярұлы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров таныстырды.

Жанарбек Бақтыбаев 1963 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1983 жылдан бері қызмет атқарады. ІІМ Орталық аппаратының басшылық лауазымдарында, сондай-ақ Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан Полиция департаменттерінде басшылықта тәжірибесі мол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды