Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы жаңадан тағайындалды

polisia.kz
Бұл лауазымды қызметке полиция полковнигі Сағат Мадиев келді.

Сағат Мәдиев Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"ҚР Президенті Әкімшілігі және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің келісімі бойынша полиция полковнигі Сағат Мадиев Кентайұлы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды", делінген хабарламада.

Полиция департаментінің жаңа басшысын ұжымға ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Бұрынғы басшы Бақтыбаев Жанарбек Телібекұлы Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Сағат Мадиев 1969 жылы туған. 1990 жылдан бастап ішкі істер органдарында жұмыс істейді. Ақмола, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының полиция бөлімдерінде басшылық қызметтерде болған, үлкен тәжірибеге ие. 2017 жылдың наурыз айынан бастап ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды