Қазақстанда дене қызуы бар 90-ға жуық адам оқшауланды

ehonews.kz
46 адам әлі ауруханаларда жатыр, 43 адам шығарылды.

Жоғары температура мен тұмауға шағымданған 90-ға жуық адам оқшауланды, деп хабарлады бүгінгі брифингте бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

– Елге келгендердің 90% мониторингпен қамтылған. Сондай-ақ, дене қызуы мен жедел респираторлы вирустық инфекцияларға шағымданған 89 адам оқшауланған бокстарға жатқызылды, 46 адам ауруханаларда жатыр, 43 адам шығарылды – біз бәрінен сынама алып, оны Алматыдағы орталыққа жіберіп отырмыз, деді Бекшин.

Әлем бойынша эпидемия деректеріне сәйкес, 3 ақпанда вирус жұқтырғандардың саны 17 459 болды.

– Қайтыс болғандар саны – 362, толық жазылып кеткендер саны – 483. Әлемдегі өлімнің 96%-ы Хубэй провинциясында, әлем бойынша вирус жұқтырғандардың 98,9%-ы Қытай тұрғындары. Бұдан инфекцияның таралуы жалғасуда деген тұжырым жасауға болады, бірақ ең алдымен сол провинция мен Ухан қаласында таралуда. Демалыс күндері толық сауығып кеткендер саны қайтыс болғандардың санынан асып түсті. Бұл үміттендіреді. ҚХР билігі індетті негізгі аймақта оқшаулауы тиіс, – деді Бекшин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды