"Союз" ғарыш кемесі қазақ жеріне қонды

Sergei Ilnitsky (AFP)
Кеме капсуласы Жезқазғаннан 150 шақырым қашықтыққа қонды.

Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелері "Союз МС-13" кемесімен Қазақстанның Жезқазған өңіріне қонды. Ресейлік Александр Скворцов, италиялық Лука Пармитано және АҚШ азаматы Кристина Кук Жерге оралды. Олар 61- экспедицияның қатысушылары, деп жазады centralasian.org.

Кук әйелдер арасында ғарышта ең ұзақ болған ғарышкер ретінде рекорд жасады. Ол ғарышта 328 күн болды. Алдыңғы рекордты 2017 жылы америкалық Пегги Уитсон жасаған. Ол ғарышта 288 күнін өткізген.

Пармитано мен Скворцов 201 күн жүрді.

Кеме капсуласы Жезқазғаннан 150 шақырым қашықтыққа қонды. Енді ғарыштағы жұмысты ресейлік Олега Скрипочки мен америкалық ғарышкерлер Джессики Меир мен Эндрю Морган жалғастырады.

Кристина Куктың ғарышқа бірінші рет ұшуы. Оның экспедициясы ғарышта ұзақ болғанның әйел ағзасына әсерін зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл НАСА-ның "Артемида" бағдарламасы аясында Айға оралу мен Марсты игеруге дайындық үшін қажет болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды