Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Ақорда
Жарлыққа Президент қол қойды.

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Сапарбаев Бердібек Машбекұлы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылып, Жамбыл облысының әкімі етіп тағайындалсын" делінген Жарлықта.

Бердібек Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1969 жылы "Задаринский" совхозының жұмысшысы ретінде бастаған. 1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірді. Институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист болып еңбек етті.

Түрлі жылдары Бердібек Сапарбаев Президент Аппаратында, Министрлер кабинеті Аппаратында, ҚазКСР Қаржы министрлігінде, ҚР Кедендік бақылау агенттігі мен комитетінде, ҚР Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының әкімі, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарған. 2019 жылғы тамыздан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымын атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды