Сеулде Қазақстан мен Оңтүстік Корея өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Баспасөз қызметі
Кездесуде тараптар екіжақты және көпжақты деңгейлердегі қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға келісті.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев бастаған қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың 10-шы отырысына қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Корей делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Гон басқарды.

Отырыс аясында екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, соның ішінде инвестиция мен жаңа технологияларды тарту, өзара тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін растай отырып, алдағы уақытта да екіжақты және көпжақты деңгейлердегі қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға келісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды