Мәнізоров Есімовтен "уақытша кете тұр" деген кеңес алған – дереккөз

express-k.kz
Б.Мәнізоров өткен жылдың қыркүйек айында "алаяқтық жасады" деген айыппен ұсталған.

Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоров не себепті қызметінен кеткенін түсіндірді. "Астана" телеарнасының тілшісіне ол кету себебін айтқан, деп жазады Nege.kz.

"Мені ешкім жұмыстан шығарған жоқ. Шешімді өзім қабылдадым. Екі жыл демалғаным жоқ, кішкене емделіп алғым келеді" депті Б.Мәнізоров.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Мәнізоров өткен жылдың қыркүйек айында "алаяқтық жасады" деген айыппен ұсталған. Алайда кінәсі дәлелденбегендіктен, қамаудан босап, қызметіне қайта оралған.

Өткен аптаның сенбі-жексенбі күндері Б.Мәнізоров Нұр-Сұлтан қаласына барып келіп, іле-шала қызметтен кететіні жөнінде мәлімдеме жасады.

Кейбір дереккөздер Мәнізоровқа "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов "қызметтен кете тұруды кеңес еткен" дейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды