Түркістан облысында әкім орынбасары жемқорлық күдігіне ілікті

zakon.kz
Тергеу мәліметінше, шенеунік кәсіпкерден жер телімін бергені үшін ақша алған.

Түркістан облысы Жетісай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші бөлімінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы Жетісай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол жергілікті тұрғын – кәсіпкерлік субъектісінен шағын және орта бизнес жүргізуге жер учаскесін бергені үшін жалпы сомасы 530 мың теңге көлемінде ақша алды деп күдіктелуде, деп хабарлады Биғайдаров.

Оның айтуынша, бұл іс бойынша тергеу жалғасуда, күдіктінің кінәсі дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды