Қытай коронавируспен күресте қомақты ақшаның көзін жойғалы жатыр

Pixabay
Ал жойылатын ақша мөлшері туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.

Қытайда коронавируспен күрес аясында ақшаның да көзін жоюды жөн деп шешкен, деп хабарлайды zakon.kz Business Insider ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Гуанчжоудағы Қытайдың орталық банкі коронавирус ошағы болған өңірдің ауруханалары, автобустары, базарлары мен елді-мекендерден жиналған ақшаны жоятынын мәлімдеді. Коммерциялық банктерге коронавирус жұқтырған өңірлерген алынған ақшаны бөлек сақтап, оны Орталық банкке өткізу тапсырылды.

Ақшаның бір бөлігі жойылмайды. Олар зарарсыздандырылып, 14 күннен кейін айналымға қайта шығарылады.

Ал жойылатын ақша мөлшері туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша, 73 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, одан 1900 адам көз жұмды.

Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан эвакуациялады. Талдау нәтижелері Қытайдан оралған қазақстандықтарда коронавирус жоқ екенін көрсетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды