Алматы облысында мал ұрлайтын 4 қылмыстық топ ұсталды

v-dubl.ru
Жыл басынан бері Алматы облысы аумағында 77 мал ұрлығы тіркеліп, оның 40 дерегі ізі суымай ашылды.

Алматы облысы аумағында жыл басынан бері ірі қара малды ұрлауды кәсіп қылған 4 қылмыстық топтың жолы кесілді. Қазіргі уақытта олардың 13 қылмысқа қатысы бары дәлелденді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жыл басынан бері Алматы облысы аумағында 77 мал ұрлығы тіркеліп, оның 40 дерегі ізі суымай ашылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 4 қылмыстық топтың мүшелерін құрықтады. Олардың жалпы саны 56 бас мал жоғалған 13 ұрлық жасағаны дәлелденді. Қылмыстық топтар жымысқы әрекеттерін Алакөл, Қарасай, Іле және Жамбыл аудандарында жасағаны әшкереленді. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 4 миллионнан астам шығын келтірілгені белгілі болды. Зардап шегушілерге 750 000 теңгенің материалдық шығыны өндірілді. Мал ұрлығының басты себебі мал иесінің бейжайлығы мен өзінің малын жайылымға қараусыз жібере салатыны болып отыр. Жыл басынан бері облыста 77 мал ұрлығы тіркеліп, оның 40 дерегі ізі суымай ашылды", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Жоғарыда аталған қылмыстық топ құрамында келесі тұлғалар болған. Осы тұлғалардың әрекеттерінен зардап шеккендер болса, "102" нөміріне немесе жергілікті полиция бөлімшесіне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды