"Қайратта" ойнауға Англия чемпионы келетін болды

Partizan.rs / Miroslav Todorović
Ол "Қайратпен" ұзақ мерзімге келісімшарт жасасады.

"Партизанның" жартылай қорғаушысы, 32 жастағы Зоран Тошич карьерасын алматылық "Қайратта" жалғастыратын болды, деп жазады Сербияның Telegraf.rs порталына сілтеме жасаған vesti.kz.

БАҚ дерегінше, футболшы белградтық клуб сапында енді үш матч өткізеді, сол аралықта Қазақстанда құжаттар жағы дайын болуы тиіс. "Қайратпен" келісімшарт екі жылға жасалады.

Тошич Алматыға келіп-кеткен екен, сосын "Қайрат" өкілдері де Сербияға барып қайтыпты.

"Қайраттағы" жалақысы жоғары болғандықтан футболшы Қазақстанда ойнауға келіскен делінеді.

Тошич 2008/9 маусымында "Манчестер Юнайтед" сапында Англия чемпионы атанған. Сосын мәскеулік ЦСКА-да ойнап, үш рет Ресей чемпионы болған. 2007 жылдан 2016 жылға дейін Сербия ұлттық құрамасында ойнаған. "Партизанмен" бірге алған Сербия чемпионы деген атағы бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды