Футбол федерациясы "Ақтөбе" клубындағы футболшыны бопсалауға қатысты мәлімдеме жасады

prosports.kz
Шетелдік ойыншы клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысқан.

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин Vesti.kz сайтына сұқбат беріп, әзірбайжандық Фуад Байрамовтың бопсалау туралы айыптауымен байланысты "Ақтөбе" клубына қатысты тергеу туралы айтты.

Шетелдік спортшы: "Алған айлығыңның жартысын президентке төлейсің", деп, "Ақтөбе" командасындағы бопсалау туралы бір мәселенің басын қылтитқан.

- ...Екі күн бұрын жаттығуға шықтым. Физикалық дайындық жөнінде бапкер келіп, басшылық мені жаттығуға қатыстырмайтынын айтты. Неге дегенімде, жауап болмады. Векильге қоңырау шалдым, не істегенін сұрадым. Ол маған: саған айттым ғой, менімен жұмыс істеу керек деп. Егер жұмыс істемесең, ойнамайсың. Ал егер айлығыңның жартысын беріп отырсаң, негізгі құрамға да ілігесің деді. Мұнда осылай екенін білдім, бірақ, соншалықты... Клуб президенті футболшыдан ақша алса, не айтуға болады, деген ол әзірбайжандық басылымға берген сұқбатында.

quote]"Бұл шағым бойынша ҚКФЛ-ге, нақты айтқанда Олжас Абраевқа тапсырма бердік. Енді осыған байланысты түсінік алып (клубтан - редакция ескермесі), материал жинау керек. Осыдан кейін құжаттар этика бойынша комитетке тапсырылады", - дейді Айтхожин.

Айта кетейік, Байрамов шынымен "Ақтөбенің" жаттығу жиынында болған, бұл туралы клубтың әлеуметтік желісінде хабарланған. Өткен жылы ойыншы грузиялық "Рустави" командасында ойнаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды