Ақтөбе полициясының бастығы да ауысты

ҚР ІІМ
Атабаев Бауыржан Ахметұлы 1969 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етіп келеді.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев жеке құрамға Ақтөбе қалалық полиция басқармасының жаңа бастығын таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ келісімі бойынша Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Бауыржан Атабаев тағайындалды.

Атабаев Бауыржан Ахметұлы 1969 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары тергеу және жедел бөлімшелерде жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап Ақтөбе облысының ПД басқармасын басқарды.

Іс-шара соңында ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев Полиция департаментінің бастығы және жалпы ҚР ІІМ басшылығы қойған құқықбұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі міндеттер туралы еске салды. Мүліктік сипаттағы қылмыстарды және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алуға, сондай-ақ Ақтөбе қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудару қажеттігі айтылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды