Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады

34travel.me
Тыйым 5 наурыздан бастап өз күшіне енеді.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкімет отырысында 5 наурыздан бастап Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі таңда Қытайдан 480 қазақстандық эвакуацияланды. Қытаймен арадағы тұрақы әуе рейстері, жаяу өту, теміржол, автомобиль жолаушылар тасымалы тоқтатылды. 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап Қытайдағы барлық шетелдік азаматтарға виза беру тоқтатылды. 5 наурыздан бастап Әзірбайжанмен арадағы әуе рейстеріне шектеу қойылды және Иран азаматтарының Қазақстанға кіруіне тыйым салынды, - деді Тлеуберді.

Оның айтуынша, қазақстандықтарға эпидемиологиялық қаупі жоғары елдерге барудан бас тарту ұсынылады. Ведомство басшысы қазіргі уақытта шетелде жүрген қазақстандықтар арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ екенін баса атап өтті.

Жиында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус анықталған жағдайда «В жоспары» әзір тұрғанын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды