Қазақстан Әзірбайжан мен Иран кемелеріне қызмет көрсетуді тоқтатты

eprons.lv
Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер халықаралық тасымалдаумен айналысатын қазақстандық кеме экипаж мүшелерінің портта кезекшілігін ауыстыру кезеңіне бақылауды күшейтеді.

Қазақстанның теңіз порттарында Әзірбайжан мен Ираннан келетін кемелерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі биыл 5 наурыздан бастап Әзірбайжан мен Ираннан келетін теңіз кемелерінің Ақтау және Құрық порттарында қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылғандығы туралы мәлімдейді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Шетелдік жүк кемелерінің экипаждары үшін Ақтау және Құрық порттарында кемелерінен шығуға шектеу қойылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер халықаралық тасымалдаумен айналысатын қазақстандық кеме экипаж мүшелерінің портта кезекшілігін ауыстыру кезеңіне бақылауды күшейтеді.

Қабылданған шаралар туралы ақпарат Каспий маңы мемлекеттерінің теңіз әкімшілігінің назарына жеткізіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды