Қыстың беті қайтар емес: 5-7 наурыздың ауа райы

WallpaperBetter
2020 жылғы 5-7 наурызға арналған болжам.

Қазақстан арқылы өтетін арктикалық суық фронттар қар, боран тудырады, республиканың солтүстік бөлігінде күшті солтүстік-батыс желі соғады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстік және шығыс облыстарына циклон Орталық Азия аудандарынан ығысады, оңтүстіктен жылы және ылғалды ауа мен солтүстіктен суық ауаның кездесуі кезінде жауын-шашын, жаңбырдың қарға ауысуымен, кей жерлерде қатты қар, көктайғақ, екпінді күшті жел, шығыста бұрқасын күтіледі.

Фронттардың артынан Гренланд теңізінен арктикалық ауада қалыптасқан күшті антициклон келеді, ол республиканың көптеген облыстарында күннің суытуына әкеп соғады.

Тек батыс облыстарында ғана Қара теңізден жылы ауа массасының таралуымен температураның көтерілуі күтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды