Қазақстанда салықтан жалтарып, Ресей азаматы атанып алған азамат ұсталды

zakon.kz
Ол паспорттық бақылаудан өту кезінде ұсталды.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша азамат А. Б. Сеничевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.


Бұрын хабарланғандай, 2017 жылы халықаралық іздеу жарияланған А. Б. Сеничевке қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалған. Ол қылмыстық қудалау органдарынан жасыру мақсатында Ресей Федерациясы азаматының жаңа төлқұжатын алып, өзінің тегін зайыбының тегіне ауыстырды. Алайда, барлық жасырынуға әрекеттелген күш-жігерге қарамастан, паспорттық бақылаудан өту кезінде ұсталды.

Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен А. Б. Сеничев ҚР ҚК-нің 245-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

2020 жылдың 27 ақпанында үкім заңды күшіне енді.

Қалған күдіктілер әлі күнге дейін халықаралық іздеуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды