Н.Нығматулин: қазақша сұраққа қазақша жауап бермегеніңіз дұрыс емес

Ж.Құспанов
Палата Спикері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбекті сынға алды.

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасы және оған ілеспе заң жобасымен бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Наринэ Микаелян Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбекке цифрландыруды белсенді жылжыту жағдайында әкімшілік әділетті енгізуге қатысты мемлекеттік тілде бірқатар сұрақтар қойды.

Дегенмен, Мәжіліс Төрағасы мемлекеттік тілде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап бермеген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбекті сынға алды.

– Әрине, бізде аударма бар. Осы залда отырған әрбір азаматқа қай тілде сөйлеймін десе де жағдай жасалған. Бірақ та, басқа ұлттың азаматтары қазақ тілінде сайрап тұрғанда, Сіздің мемлекеттік тілде жауап бермегеніңіз дұрыс емес – деді, Нұрлан Нығматулин.

Кодекс жобасының негізгі мақсаты – азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктерді бекіту және билік органдарымен бірге жоғары тұрған орган мен сотта дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу болып табылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды