"Барыс" ҚХЛ плей-офф ойындарын тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады

"Барыс" ХК
Екінші раунд матчтарына билеттер сатылуда.

Нұр-Сұлтандық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) плей-офф кезеңінің екінші раундының матчтарына штаттық режимде дайындалуда.

Әзірге ойындарды тоқтату немесе трибуналарды жабу туралы шешімдер қабылданған жоқ, деп хабарлады хоккей клубының баспасөз қызметі РИА Новостиге.

Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Қазақстанда барлық бұқаралық спорттық іс-шараларға салынған тыйым туралы ақпаратты растаған болатын. Бірақ қазір құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынап жатқан "Барыстың" матчтарын кейінге шегеру немесе тоқтату туралы шешім әлі қабылданған жоқ деген еді.

"Штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз. Екінші раунд матчтарына билеттер сатылуда, команда 17 және 19 наурызға жоспарланған ойындарға дайындалуда", деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Магнитогорскінің "Металлургін" плей-оффтың 1/8 финалында жарыс жолынан қағып тастаған "Барыс" келесі кезеңде "Сибирьмен" кездесуі мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды