Сағынтаев тұрғын үй нарығындағы ахуалды талқылады

Алматы қаласының әкімдігі
Коронавирус пандемиясы мен әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға байланысты қазіргі қалыптасқан ахуал басты мәселе ретінде талқыланды.

13 наурызда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс материалдарын шығаратын құрылыс компаниялары мен кәсіпорындардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирус пандемиясы мен әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға байланысты қазіргі қалыптасқан ахуал басты мәселе ретінде талқыланды.

Экономиканың басқа салалары өкілдерімен өткізілген мұндай кездесулердің басты мақсаты ахуалды өзгертуге және дер кезінде жедел әрекет етуге дайындық болып табылады. Бұл импорттық материалдарды жеткізумен байланысты болуы мүмкін. Негізгі міндет – құрылыс қарқынын сақтап қалу, қызметкерлерді қысқартуға жол бермеу және тапсырыс берушілердің алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындау.

Еске салсақ, бұрындары қала әкімі Б. Сағынтаев мұндай кездесулерді көлік, логистика, банк секторы, сауда кәсіпорындары, өнеркәсіп және өндіріс компаниялары салалары өкілдерімен өткізген болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды