Бас санитарлық дәрігер коронавирусқа байланысты қосымша шараларды енгізді

atameken.kz
Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес нұсқаулық бойынша науқастармен байланыста болған немесе коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тасымалдансын.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің "Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қосымша шараларды енгізу туралы" қаулысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу қаупін ескерту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Осы қаулының 1-ші қосымшасына сәйкес, COVID-19 жұқтырып алу қаупі жоғары жерде болған адамдарға карантин түрін тағайындау тәртібі бекітілсін.

Облыс әкімдері, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) COVID-19 ауруын жұқтыруы мүмкін күдіктілер үшін қосымша провизорлық стационарларды ашсын;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес науқастармен байланыста болған немесе коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік ауруханаларды дайындасын;

3) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес нұсқаулық бойынша науқастармен байланыста болған немесе коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тасымалдансын", деп атап көрсетілген құжатта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды