Қазақстанда MEGA желілері жабылды

mega.kz
Коронавирустың кесірінен Қазақстандағы барлық MEGA сауда ойын-сауық желілері жабылды.

Бұл туралы MEGA сауда ойын-сауық орталықтар желісінің бас директоры Сейітжан Есмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз барлық MEGA сауда ойын-сауық орталықтарын жабу туралы шешім қабылдадық. Біз мұны кез келген коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ жалға алушылар мен келушілерден келіп түскен өтініштерді ескере отырып жасап отырмыз. Супермаркет пен дәріхана өз жұмысын әрі қарай жалғастыра бермек. "Рамстор" супермакеті күнделікті сағат 9:00-ден 23:00 дейін, ал дәріхана сағат 10:00-ден 22:00 дейін жұмыс істейді.

Біздің алдымызда өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығын сақтау міндеті тұр. Өздеріңізге сақ болыңыздар!

Біз бұл қиын кездерде жасап отырған шараларымызға түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз, мұның барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасалуда.

Бірге біз бұл қиындықтардан да өтеміз!

Компаниямыздың атынан сіздерге сенімдеріңіз бен қолдауларыңызға алғыс білдіреміз, деп жазды MEGA сауда ойын-сауық орталықтар желісінің бас директоры Сейітжан Есмағамбетов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды