Алматыда коронавирус жұқтырғандардың хал-күйі туралы тың дерек жарияланды

инАлматы
Тағы екі анықталған факт - бұрын коронавирус анықталған адаммен байланыста болып, жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланған адамдардан табылды.

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев арнайы брифингте коронавирустың жаңадан тіркелген дерегі бойынша егжей-тегжейлі мәлімет берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұрын хабарланғандай, кеше - 16 наурызда Алматыда коронавирустың тағы бір оқиғасы расталды. Бұл - 1986 жылғы әйел, 15 наурыз күні таңертең 6-да Ыстамбұлдан келген.

Ол коронавирусқа қолайсыз елдердің санатына жатпайтындықтан ешқандай карантинге жатқызылмаған. Кеше оның анализдері расталды. Ол карантинге орналастырылды. Бүгінгі таңда онымен байланыста болған барлық адамдар табылып, карантинге алынды.

Бүгінгі таңда тағы үш жағдай анықталды. Олардың бірі - 2018 жылғы бала. Ол Куршавель - Берлин - Алматы чартерлік рейсімен келді. Бұл рейс 13 наурызда келді. Әуежайдан бүкіл борттағылар карантинге алынған. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Тағы екі анықталған факт - бұрын коронавирус анықталған адаммен байланыс нәтижесінде жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланған адамдар.

Осылайша, бүгін таңда Алматыда 11 расталған жағдай тіркелді. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды