Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ақорда
Олар коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылап, осы індетке қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылап, осы індетке қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шавкат Мирзиёев қазақстандық әріптесінің дер кезінде қабылдаған шұғыл шешімдері мен нәтижелі іс-қимылдарын қолдайтынын айтты.

Президенттер жоғары деңгейде ықпалдастық орнату және екі ел Үкіметтерінің жұмыстарын үйлестіру жайын да келісті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы туралы ортақ пікір айтылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды