Алматыда жолдар мен тротуарлар күніне екі рет жуылады

os1.ru
Ол дезинфекция қоршаған ортаға қауіпті емес екенін атап өтті.

Алматыда жолдар мен тротуарлар күніне екі рет жуылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Таңертең және кешке қаладағы жолдар мен тротуарлар жуылады, - деді Алматы жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев арнайы брифингте.

Ол дезинфекция қоршаған ортаға қауіпті емес екенін атап өтті.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты коммунальдық қызметтер тәулік бойы кезекшілікке шығады. Жолдарды, тротуарларды, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын жуады. Саябақтар, алаңдар, балалар, спорт және ойын алаңдарын және басқа да қоғамдық орындардағы қоқыс жәшіктерін залалсыздандыру ұйымдастырылады, тұрмыстық қалдықтар кестеге сәйкес шығарылады. Контейнер алаңдары дезинфекцияланады. Қала тұрғындарына өтініш – пайдаланылған медициналық маска секілді қоқысты тастау үшін бөлек пакет бірге алып жүріңіздер, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды