Нұр-Сұлтанда масканы тым қымбатқа сатқан бір топ адам тергелуде

kr.informator.ua
Нұр-Сұлтан қаласында медициналық масканы асыра қымбат бағамен заңсыз сату фактісі анықталды.

2020 жылғы 18 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Павлодар облысы бойынша ЭТД-мен бірлесе отырып, заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикадағы төтенше жағдайды пайдаланып, Нұр-Сұлтан қаласының бір топ азаматы халыққа асыра қымбат бағамен 55 000 дана медициналық масканы сатумен айналысқан. Сондай-ақ, олардың бұл маскаларға берілетін арнайы құжаттары болмаған. Масканы іске асырудан түскен пайданың жалпы сомасы 12 500 000 теңгені құрады.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

Егер сіз медициналық маска және антисептикалық заттарды сату кезінде негізсіз бағаны асыру фактілерінің куәгерлері болсаңыздар, келесі сенім телефондары бойынша: ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті – 8 (7172) 70-84-78, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЭТД – 8 (7172) 31-61-45 немесе Бейбітшілік көш., 10, Желтоқсан, көш., 43. мекенжайлары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды