Украинадан Қазақстанның 76 азаматы оралды

ҚР СІМ
Елшіліктің дипломаттары ауқымды жұмыс атқарыды.

Коронавирустық инфекцияның жылдам тарауына байланысты біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 27 наурызда Украинадан Қазақстанға тағы 76 отандасымыз сәтті оралды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін Елшіліктің дипломаттары ауқымды жұмыс атқарып, соның ішінде Қазақстанға қайтатын азаматтарымыздың тізімін әзірлеп, "Киев – Алматы – Киев" бағытында чартерлік рейс ұйымдастыру үшін тиімді әуекомпаниясын анықтау, қазіргі әлемдегі қиын жағдайда логистика мәселесін шешу және басқа да көптеген ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.

Біздің Украинадағы дипломаттарымызға азаматтарымыздың игілігі үшін қажырлы еңбек етіп, қойылған міндеттерді адал орындағаны үшін, сондай-ақ ҚР СІМ жедел штабындағы әріптестерімізге бүкіл әлем бойынша елшіліктер қызметкерлерінің жұмысын тиімді үйлестіргені үшін алғыс білдіреміз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды