Коронавирустан көз жұмған әйелдің Алматыда қай үйде болғаны белгілі болды

Вконтанкте/Я очевидец Алматы
"Жұлдыз-1" ықшамауданындағы 13-үйдің подъезі қоршауға алынды, өйткені онда коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланыста болған адамдар тұрған.

64 жастағы әйел коронавирустан көз жұмды. Ол алдында ғана Алматы мен Шу қалаларында қонақта болып, елордаға оралғаны белгілі болды. Осы факт анықталғаннан кейін Алматыда тағы бір подъезд қоршауға алынып, қаладағы індет ошағының тізімі артты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын қадағалау комитетінің мәліметінше, бүгінде мегаполисте коронавирус инфекциясының ошағы саны 24-ке дейін артты.


Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі "Жұлдыз-1" ықшамауданындағы 13-үйдің подъезі қоршауға алынғанын, өйткені онда коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланыста болған адамдар тұрғанын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды